г. Алматы
Каталог

Аспаркам-Здоровье, таблетки № 50, коробка из картона

Действующее вещество :
Магния аспарагината тетрагидрат
Рецептурный отпуск:
Без рецепта
Срок хранения:
3 года
Цена от 195
Добавлено в корзину:
Нет в наличии
Наличие в аптеках
Характеристика
Описание
Генерик
Да
Дата регистрации
2019-05-13
Действующее вещество
Магния аспарагината тетрагидрат
Действующее вещество 2
Калия аспарагината 1/2 гидрата
Единица упаковки
шт.
Код товара
00-00003821
Лекарственная форма
Таблетки
Описание упаковки
№ 50
Регистрационный номер
РК-ЛС-5№014079
Рецептурный отпуск
Без рецепта
Срок хранения
3 года
Торговое название
Аспаркам-Здоровье
Упаковка
Коробка из картона
Форма выпуска
По 10 таблеток в контурную ячейковую упаковку. По 5 контурных упаковок в коробку из картона. По 50 таблеток в контурную ячейковую упаковку. По 1 контурной упаковке в коробку из картона. Контурная ячейковая упаковка по 50 таблеток без вложения в коробку
Инструкция
Выбор языка RU KZ

 

 

УТВЕРЖДЕНА

Приказом председателя

Комитета фармации

Министерства здравоохранения

Республики Казахстан

РѕС‚ В«____В»______________20 __ Рі.

в„– _________________________

Саудалық атауы

Аспаркам-Здоровье

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Таблеткалар

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:магний аспарагинаты тетрагидраты (D,L- аминоянтарь

                              қышқылы тетрагидраты магний тұзы) 175,00 мг, калий

                               аспарагинаты ½ гидраты (D,L-аминоянтарь қышқылы

                               ½ гидраты калий тұзы) 175,00 мг,

қосымша заттар: картоп крахмалы немесе жүгері крахмалы, кальций стеараты, тальк.

 

Сипаттамасы

Тегіс беткейлі, сызығы және ойығы бар, ақ түсті таблеткалар. Таблетканың беті мәрмәрлі болуы мүмкін.

 

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Минералды қоспалар. Басқа да минералды заттар.

АТХ коды А12СX

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Магний

Салмағы 70 кг адамның организміндегі магнийдің жалпы қоры орта есеппен 24 г (1000 ммоль) құрайды; оның >60%-ы сүйек тінінде және шамамен 40 %-ы қаңқа бұлшықетінде және басқа тіндерде. Организмдегі магнийдің жалпы қорының шамамен 1 %-ын жасушадан тыс сұйықтықта, негізінен қанда табуға болады. Дені сау ересектерде қандағы магнийдің концентрациясы 0,7-1,10 ммоль/л ауқымында болады.

Магнийді тұтынудың ұсынылатын нормасы ерлер үшін күніне 350 мг және әйелдер үшін күніне 280 мг құрайды. Магнийге қажеттілік жүктілік және бала емізу кезінде артады.

Магний белсенді тасымалдану арқылы асқазан-ішек жолынан сіңіріледі. Организмдегі магний теңгерімінің негізгі реттегіші бүйрек болып табылады.  3-5 % иондалған магний несеппен шығарылады.

Несеп мөлшерінің артуы (мысалы, тиімділігі жоғары ілмектік диуретиктермен емдеген кезде) иондалған магнийдің экскрециясының артуына әкеледі. Егер ішектің жіңішке бөлігіндегі магнийдің сіңірілуі төмендесе, одан кейінгі гипомагниемия экскрецияның төмендеуіне әкеледі (күніне <0,5 ммоль).

Калий

Салмағы 70 кг адамның организміндегі калийдің жалпы қоры орта есеппен  140 г (3570 ммоль) құрайды. Ол әйелдерде біршама аз және жас ұлғаюына байланысты сәл төмендейді. Организмдегі калийдің жалпы қорының 2 %-ы жасушадан тыс табылуы мүмкін, ал қалған 98 %-ы жасушаның ішінде болады.

Калийді тұтынудың оңтайлы нормасы күніне 3-4 г (75-100 ммоль) құрайды. Калийдің негізгі шығарылу жолы – бүйрек арқылы, күнделікті калий жоғалтудың 90 %-ы сонымен байланысты. Қалған  10 % асқазан-ішек жолы арқылы шығарылады. Осылайша, бүйрек калийдің ұзақ мерзімдік гомеостазына, сондай-ақ қандағы калий концентрациясына жауап береді. Қысқы мерзімдік перспективада қандағы калий мөлшері жасушаішілік және жасушадан тыс кеңістік арасында калий ағымымен реттеледі.

Фармакодинамикасы

Магний мен калийдің иондары маңызды жасушаішілік катиондар болып табылады және көптеген ферменттердің қызмет етуінде, макромолекулалардың жасушаішілік құрылымдармен байланысуында, сондай-ақ бұлшықет жиырылуының  молекулалық механизмінде шешуші рөл атқарады. Калий, кальций, натрий және магний иондарының жасушадан тыс және жасушаішілік арақатынасы миокардтың жиырылуына әсер етеді. Аспартат – эндогенді қосылыс ретінде жасушаларға тектестігі жоғары иондардың қолайлы өткізгіші болып табылады. Оның тұздары әлсіз диссоциацияланады және соның салдарынан иондар кешенді қосылыс ретінде жасушаның ішіне өтеді.

Магний мен калий аспарагинаттары миокард метаболизмін жақсартады. Магний/калий тапшылығы артериялық гипертензия, коронарлық артериялардың атеросклероздық зақымдану, аритмиялар және миокардтың метаболизмдік өзгерістері қаупін арттырады.

 

 

 

Қолданылуы

                  тағаммен бірге магний мен калий қажеттілігін арттыру үшін қоспа ретінде

                  жүректің созылмалы аурулары кезінде қосымша емдеуде (жүрек жеткіліксіздігінде, миокард инфарктісінен кейін), жүрек ырғағының бұзылуында (негізінен қарыншалық аритмиялар), емдеуші дәрігердің мақұлдауымен

       емдеуші дәрігердің мақұлдауымен, жүрек гликозидтерімен емдеуге қосымша ретінде

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тамақтанудан кейін, 1-2 таблеткадан күніне 3 рет қолданады.

Профилактика мақсатында 1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды. 

Дозасы және емдеу ұзақтығын дәрігер әр адамға жекелей белгілейді.

 

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- жүрек айну, құсу, диарея, ауыздың құрғауы, шөлдеу, эпигастрий аумағында жағымсыздықты немесе ашытуды сезіну, абдоминальді ауыру

- миокард өткізгіштігінің бұзылуы, артериялық қысымның төмендеуі, атриовентрикулярлық блокада

- гиперкалиемия, гипермагниемия

Өте сирек

- гипорефлексия, парестезия, құрысулар

- жүйке-бұлшықет блокадасы, тыныстың тарылуы

- ас қорыту жолы шырышты қабығының ойық жарасы, ас қорыту ағзаларынан қан кету

- аллергиялық реакциялар (жоғары сезімталдығы бар адамдарда - қышыну, терінің қызаруы, бөрту)

- тершеңдік

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар

                  препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

                  гиперкалиемия

                  гипермагниемия

                  миастения

                  бүйрек қызметінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі, бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігі

                  ІІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

                  айқын артериялық гипотензия, кардиогендік шок (90 мм с.б. қарағанда төмен систолалық артериялық қысым)

                  Аддисон ауруында

                  гемолиз

                  анурия

         18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша дәлелдеу негіздемелері жоқ)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жүрек гликозидтерінің жағымдылығын жақсартады және олардың кардиоуытты әсерін азайтады.

Калий жинақтаушы диуретиктермен және ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда гиперкалиемияның даму қаупі артады, осыған байланысты қан плазмасындағы калий деңгейін бақылап отыру қажет.

Тетрациклин, темір тұздары және натрий фториді ішілетін түрлерінің сіңуін тежейді (қабылдау арасында үш сағаттық аралықты ұстану қажет).

Ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен, бета-адреноблокаторлармен, циклоспоринмен, калий жинақтаушы диуретиктермен, гепаринмен, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен бір мезгілде қолданғанда ішек перистальтикасын бәсеңдету әсері күшейеді.

Антидеполяризациялаушы миорелаксанттармен бір мезгілде қолданғанда жүйке-бұлшықет блокадасы күшейеді, наркозға арналған дәрілермен – орталық жүйке жүйесін бәсеңдетеді.

Препарат жүрек гликозидтері, неомицин, полимиксин В, тетрациклин және стрептомициннің тиімділігін азайтады.

Кальций препараттары Аспаркам-Здоровье тиімділігін төмендетеді.

 

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ уақыт қолданған кезде қандағы калий мен магний деңгейін, ЭКГ көрсеткіштерін бақылап отыру керек. Калий препараттарының ішке қабылданғанда асқазан-ішек жолы шырышты қабығын тітіркендіру мүмкіндігін ескере отырып, препаратты ашқарынға қабылдауға болмайды. Бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігі бар пациенттерде гиперкалиемияның даму қаупі артады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты қолданудың пайдасы ұрық/нәрестеге төнетін ықтимал қауіптен басым түсетін жағдайда және дәрігердің бақылауымен тағайындайды.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балаларды емдеу үшін қолдану туралы клиникалық деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті басқару кезінде немесе күрделі механизмдермен жұмыс жасағанда реакция жылдамдығына әсер етпейді.

 

Артық дозалануы

Гиперкалиемия және гипермагниемия симптомдары: брадикардия, аритмия, тыныстың тарылуы, гипорефлексия, бағдарсыздық, беттің қызаруы, шөлдеу, артериялық қысымның төмендеуі, іштің ауыруы, бұлшықеттің салдануы, ауыздың темір татуы, аяқ-қол басының қарысуы және парестезия, электрокардиограммада Т тісшесі амплитудасының жоғарылауы, Р тісшесі амплитудасының төмендеуі, QRS кешенінің кеңеюі тіркеледі.

Емі: асқазанды шаю және кальций препараттарын парентеральді енгізу, симптоматикалық ем.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 немесе 50 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

10 таблеткадан 5 пішінді ұяшықты қаптама немесе 50 таблеткадан 1 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Қорапқа салынбаған 50 таблеткадан 140 пішінді ұяшықты қаптаманы медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге гофрланған картон жәшікке салуға болады. 

 

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз