Торговое название
Ангал®
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Пастилки для рассасывания со вкусом меда
Состав
Одна пастилка содержит
активные вещества:хлоргексидина дигидрохлорид 5.0 мг (не включая 3% избыток), лидокаина гидрохлорид 1.0 мг (не включая 3% избыток),
вспомогательные вещества: кислота лимонная, ароматизатор медовый S-169336, стевия, магния стеарат, сорбитол, этанол 96 % (об/об)1.
1 - Удаляется в процессе производства
Описание
Пастилки круглой формы, от белого до почти белого цвета, со слегка пятнистой поверхностью, со вкусом меда.
Фармакотерапевтическая группа
Респираторная система. Препараты для лечения заболеваний горла. Антисептики. Прочие препараты.
Код АТХ R02АA20
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
При применении препарата Ангал активные вещества высвобождаются медленно и постепенно, оказывая местное действие.
Хлоргексидин не абсорбируется. Возможна абсорбция местного анестетика лидокаина в слизистую оболочку ротовой полости и глотки. Однако, прежде, чем лидокаин попадает в системное кровообращение, он почти полностью распадается. Анестезия является поверхностной и не распространяется на подслизистые структуры.
Анестезирующий эффект лидокаина при местном применении развивается быстро - через 2 - 5 минут и продолжается в течение 30-45 минут.
Фармакодинамика
Лекарственное средство представлено как антисептический и местный анальгетик, предназначенный для лечения ангины и заболеваний глотки (фарингит), сопровождающихся раздражением и болью. Наличие лидокаина обеспечивает быстрое облегчение симптомов боли.
Лидокаин представляет собой анестетик амидного типа периферического местного действия.
Лидокаин оказывает поверхностное анальгезирующее влияние, не блокируя проведение нервного импульса в месте применения.
Соотношение между эффективностью и токсичностью является благоприятным. Аллергические реакции, вызванные лидокаином, наблюдаются очень редко.
Хлоргексидин является катионным антисептиком, оказывающим антибактериальное воздействие, как на грамположительные и грамотрицательные микроорганизмы, а также оказывает противомикозное действие в отношении дерматофитов и грибов. Он быстро блокирует инфекционную активность некоторых липофильных вирусов (например, вирус гриппа, вирус герпеса, ВИЧ).
Показания к применению
Для местного применения.
- симптоматическое лечение заболеванийглотки и горла.
Способ применения и дозы
Пастилки для рассасывания в полости рта.
Взрослые: от 6 до 10 пастилок в день, постепенно рассасывая во рту.
Дети от 6 лет и старше: от 3 до 5 пастилок в день,постепенно рассасывая во рту.
Препарат предназначен для симптоматического лечения, его не следует использовать более 3-4 дней, непрерывно и слишком часто. Если при применении данного лекарственного средства состояние пациента не улучшилось следует обратиться к врачу.
Побочные действия
В редких случаях могут возникать кожные реакции гиперчувствительности и слизистой оболочки, вызванные контактным взаимодействием с анестетиками амидного типа, такими как лидокаин; сообщалось о случаях появления сыпи и дерматита на фоне применения данного препарата.
Возможно возникновение временного искажения вкусовых ощущений, чувства жжения на языке и анафилактических реакций.
При продолжительном и непрерывном применении хлоргексидина в ротовой полости может временно появиться коричневое окрашивание зубов. Однако, этот налет можно удалить.
Противопоказания
- гиперчувствительность к любому компоненту препарата, в особенности к местным анестетикам (лидокаину)
- детский возраст младше 6 лет
- наследственная непереносимость фруктозы (из-за содержания сорбитола)
Лекарственные взаимодействия
По причине возникновения возможных взаимодействий (нежелательного воздействия или инактивации) следует избегать одновременного или последовательного использования антисептических препаратов местного действия.
Не рекомендуется совместное применение ингибитора холинестеразы и местного анестетика.
Особые указания
Препарат необходимо использовать только до необходимого смягчения симптомов боли и раздражения в горле, вызванных воспалением.
Не следует использовать препарат длительно, непрерывно или слишком часто.
При наличии бактериальной инфекции в сочетании с высокой температурой необходимо дополнительное лечение.
Пастилки для рассасывания со вкусом меда не содержат сахара и могут использоваться диабетиками.
Следует соблюдать осторожность при применении препарата у пациентов, имеющих предрасположенность к возникновению аллергических реакций.
После приема чрезмерных доз (более 20 пастилок в сутки) возможны нарушения со стороны глотательных рефлексов (снижение контроля над глотательным рефлексом с возможной аспирацией пищи в дыхательных путях).
Препарат Ангал содержит сульфиты. В редких случаях это может вызвать тяжелые реакции гиперчувствительности и бронхоспазм.
Беременность и период лактации
Препарат Ангал предназначен для местного применения. При условии соблюдения мер предосторожности и специальных ограничений данный препарат может применяться во время беременности и грудного вскармливания. Пациентам следует сообщить об этом врачу.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не влияет
Передозировка
Несмотря на то, что данный препарат содержит малую часть токсической дозы и его использование ограничено местным применением, следует учитывать возможность передозировки по неосторожности, особенно в случае применения у детей.
Симптомы:
Лидокаин может привести к системной интоксикации (доза 0,5 г и выше является токсичной для взрослых), воздействуя на центральную нервную и сердечно-сосудистую системы:
- возбужденность, зевота, нервозность, звон в ушах, нистагм, тремор мышц, судороги, депрессия, одышка;
- снижение сократимости сердечной мышцы, расширение периферических кровеносных сосудов, гипотония, брадикардия, нарушение сердечного ритма, остановка сердца.
Хлоргексидин всасывается в очень малых количествах из желудочно-кишечного тракта.
Антидот: отсутствует
Лечение:
При системной интоксикации:
- немедленное прекращение приема препарата
- промывание желудка и аспирация содержимого желудка, вызвать рвоту
- госпитализация в целях обеспечения дыхательной функции, предотвращения обезвоживания и поддержания циркуляции крови
При удушье:
- обеспечить подачу воздуха, выполнить прием Хаймлиха
- в случае сохранения обструкции госпитализировать пациента
Форма выпуска и упаковка
По 12 пастилок помещают в контурную ячейковую упаковку из фольги алюминиевой и пленки поливинилхлорид/полихлортрифторэтилен.
По 2 контурные ячейковые упаковки вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 °C.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
2 года
Не применять после истечения срока годности.
Условия отпуска
Без рецепта
Производитель/Упаковщик
Квалифар Н.В./С.А., Бельгия
Rijksweg 9, B-2880 Bornem, Belgium
Держатель регистрационного удостоверения
Лек Фармасьютикалс д.д., Словения
Verovskova 57, 1526 Ljubljana, Slovenia
Наименование, адрес и контактные данные (телефон, адрес, электронная почта) организации на территории Республики Казахстан, принимающей претензии (предложения) по качеству лекарственных средств от потребителей и ответственной за пострегистрационное наблюдение за безопасностью лекарственного средства:
Представительство акционерного общества «Сандоз Фармасьютикалс д.д.» в Республике Казахстан
Республика Казахстан, г. Алматы, 050000, ул. Курмангазы 95
Телефон: +7(727) 258 24 47, факс: +7 (727) 244 26 51
e-mail: drugsafety.cis@novartis.com
Саудалық атауы
Ангал®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Бал дәмі бар соруға арналған пастилкалар
Құрамы
Бір пастилканың құрамында
белсенді заттар: хлоргексидин дигидрохлориді 5.0 мг (3% артығын қоспағанда), лидокаин гидрохлориді 1.0 мг (3% артығын қоспағанда),
қосымша заттар: лимон қышқылы, бал хош иістендіргіші S-169336, стевия, магний стеараты, сорбитол, этанол 96 % (к/к)1.
1 – Өндіру үдерісінде жойылады
Сипаттамасы
Ақтан дерлік ақ түске дейінгі, беті аздап теңбіл, бал дәмі бар, дөңгелек пішінді пастилкалар.
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Тамақ ауруын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.
АТХ коды R02АA20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ангал препаратын қолданғанда белсенді заттар баяу және біртіндеп, жергілікті әсер көрсете отырып, шығарылады.
Хлоргексидин сіңірілмейді. Жергілікті анестетик лидокаиннің ауыз қуысының шырышты қабығына және жұтқыншаққа сіңірілуі ықтимал. Алайда, лидокаин жүйелі қан ағысына түсуден бұрын, ол толық дерлік ыдырайды. Анестезия беткейлік болады және шырышасты құрылымына таралмайды.
Жергілікті қолданғанда лидокаиннің анестезиялық әсері жылдам – 2-5 минуттан соң дамиды және 30-45 минут бойы жалғасады.
Фармакодинамикасы
Дәрілік зат антисептикалық және жергілікті анальгетик ретінде ұсынылған, тітіркенумен және ауырумен қатар жүретін баспаны және жұтқыншақ ауруларын (фарингит) емдеуге арналған. Лидокаинның болуы ауыру симптомдарының жылдам жеңілдеуін қамтамасыз етеді.
Лидокаин шеткері жергілікті әсер ететін амидті типтегі анестетик болып келеді.
Лидокаин қолданған орнында жүйкелік импульстің өтуін бөгеместен беткейлік анельгетикалық ықпал етеді.
Тиімділігі мен уыттылығы арасындағы арақатынас оң болып табылады. Лидокаин туындатқан аллергиялық реакциялар өте сирек байқалады.
Хлоргексидин грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге бактерияға қарсы әсер ететін катиондық антисептик болып табылады, сондай-ақ дерматофиттер мен зеңдерге қатысты микозға қарсы әсер көрсетеді. Ол кейбір липофильді вирустардың (мысалы, тұмау вирусы, герпес, АИТВ вирусы) инфекциялық белсенділігін тез бөгейді.
Қолданылуы
Жергілікті қолдану үшін.
- жұтқыншақ және тамақ ауруларын симптоматикалық емдеу.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ауыз қуысында соруға арналған пастилкалар.
Ересектер: ауызда біртіндеп сорып, күніне 6-дан 10 пастилкаға дейін.
6 жастағы және одан үлкен балалар:ауызда біртіндеп сорып, күніне 3-тен 5 пастилкаға дейін.
Препарат симптоматикалық емдеуге арналған, оны 3-4 күннен артық, үздіксіз және тым жиі пайдаланбаған жөн. Егер бұл дәрілік затты қолдану кезінде пациенттің жағдайы жақсармаса дәрігерге қаралу керек.
Жағымсыз әсерлер
Сирек жағдайларда лидокаин сияқты амидті типтегі анестетиктермен жанаспалы әрекеттесуден туындаған терінің және шырышты қабықтың аса жоғары сезімталдық реакциялары туындауы мүмкін; осы препаратты қолдану аясында бөртпенің және дерматиттің пайда болу оқиғалары туралы хабарланды.
Дәм сезудің уақытша бұзылуы, тілдің күйдіру сезімі және анафилаксиялық реакциялар туындауы мүмкін.
Хлоргексидинді ауыз қуысында ұзақ және үздіксіз қолданғанда тістің уақытша қоңырлануы мүмкін. Алайда, бұл өңезді кетіруге болады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың кез келген компонентіне, әсіресе жергілікті анестетиктерге (лидокаинге) аса жоғары сезімталдығы
- 6 жастан кіші балалар
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы (құрамында сорбитол болғандықтан)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесудің туындау ықтималдығы себебінен (жағымсыз ықпал немесе уыттану) жергілікті әсер ететін антисептикалық препараттарды бір уақытта немесе тізбекпен пайдаланудан аулақ болу керек.
Холинестераза тежегіші мен жергілікті анестетикті бірге қолданбаған жөн.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты қабынудан туындаған тамақтың ауыру және тітіркену симптомдарын қажетінше жеңілдетуге дейін ғана пайдалану қажет.
Препаратты ұзақ, үздіксіз немесе тым жиі пайдаланбаған жөн.
Жоғарғы температурамен біріккен бактериялық инфекция болғанда қосымша ем қажет.
Бал дәмі бар соруға арналған пастилкалардың құрамында қант жоқ және диабетиктердің пайдалануына болады.
Препаратты аллергиялық реакциялардың туындауына бейімділігі бар пациенттерде қолданғанда сақтық таныту керек.
Шамадан тыс дозаларды (тәулігіне 20 пастилкадан артық) қабылдағаннан кейін жұту рефлекстері (жұту рефлексін бақылаудың төмендеуі, тыныс алу жолдарындағы ықтимал тағам аспирациясымен) тарапынан бұзылыстар болуы мүмкін.
Ангал препаратында сульфиттер бар. Сирек жағдайларда бұл ауыр аса жоғары сезімталдық реакцияларын және бронх түйілуін туындатуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Ангал препараты жергілікті қолдануға арналған. Сақтық шараларын және арнайы шектеулерді сақтаған жағдайда бұл препаратты жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдануға болады. Пациенттер бұл туралы дәрігерге хабарлауы керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Бұл препараттың құрамында уытты дозаның аз бөлігі болатындығына және оны пайдалану жергілікті қолданумен шектелгеніне қарамастан, әсіресе, балаларға қолданғанда бейқамдықтан артық дозалану мүмкіндігін ескеру керек.
Симптомдары:
Лидокаин орталық жүйке және жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ете отырып, жүйелі уыттануға (0,5 г және одан жоғары доза ересектер үшін уытты болады) әкелуі мүмкін:
- қозу, есінеу, күйгелектік, құлақтың шулауы, нистагм, бұлшықет треморы, құрысулар, депрессия, ентігу;
- жүрек бұлшықеті жиырылуының төмендеуі, шеткері қан тамырлардың кеңеюі, гипотония, брадикардия, жүрек ырғағының бұзылуы, жүректің тоқтауы.
Хлоргексидин асқазан-ішек жолынан өте аз мөлшерде сіңіріледі.
Антидоты: жоқ
Емі:
Жүйелі уыттану кезінде:
- препарат қабылдауды дереу тоқтату
- асқазандщы шаю және асқазан ішіндегісін аспирациялау, құстыру
- тыныс алу функциясын қамтамасыз ету, сусыздануды болдырмау және қан айналымын демеу мақсатында ауруханаға жатқызу
Тұншыққан кезде:
- ауа берілуін қамтамасыз ету, Хаймлих қабылдау
- обструкция сақталған жағдайжа пациентті ауруханаға жатқызу
Шығарылу түрі және қаптамасы
12 пастилкадан алюминий фольгадан және поливинилхлорид/полихлортрифторэтилен үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші/Қаптаушы
Квалифар Н.В./С.А., Бельгия
Rijksweg 9, B-2880 Bornem, Belgium
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Лек Фармасьютикалс д.д., Словения
Verovskova 57, 1526 Ljubljana, Slovenia
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта):
«Сандоз Фармасьютикалс д.д.» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
ҚазақстанРеспубликасы, Алматы қ-сы, 050000, Құрманғазы к-сі 95
Телефон: +7(727) 258 24 47, факс: +7 (727) 244 26 51
e-mail: drugsafety.cis@novartis.com