Торговое наименование
Анаферон
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма, дозировка
Таблетки для рассасывания.
Фармакотерапевтическая группа
Прочие препараты. Другие терапевтические препараты все. Другие лекарственные препараты.
Коды АТХ: V03AХ.
Препарат является гомеопатическим.
Показания к применению
- лечение острых респираторных вирусных инфекций (в том числе гриппа)
Перечень сведений, необходимых до начала применения
Противопоказания
- повышенная индивидуальная чувствительность к компонентам препарата
- детский и подростковый возраст до 18 лет
Необходимые меры предосторожности при применении
Неприменимо.
Взаимодействия с другими лекарственными препаратами
Случаев несовместимости с другими лекарственными средствами до настоящего времени не зарегистрировано.
При необходимости препарат можно сочетать с другими противовирусными, антибактериальными и симптоматическими средствами.
Специальные предупреждения
Если при приеме препарата возникают нежелательные реакции, необходимо прекратить прием и обратиться к врачу.
Особые указания
В состав препарата входит лактозы моногидрат, в связи с чем, его не рекомендуется назначать пациентам с врожденной галактоземией, синдромом мальабсорбции глюкозы либо при врожденной лактазной недостаточности.
Применение в педиатрии
Препарат Анаферон не предназначен для применения у детей. Детям и лицам моложе 18 лет показано применение препарата Анаферон детский.
Во время беременности или лактации
Безопасность применения Анаферона у беременных и в период лактации не изучалась. При необходимости приема препарата следует учитывать соотношение риск/польза.
Особенности влияния препарата на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Отрицательного влияния препарата Анаферон на способность управлять транспортными средствами и другими потенциально опасными механизмами не выявлено.
Рекомендации по применению
Режим дозирования
Внутрь, не во время приема пищи. Таблетку держать во рту до полного растворения.
В 1-й день лечения принимают 8 таблеток по следующей схеме: по 1 таблетке каждые 30 минут в первые 2 часа (всего 5 таблеток за 2 часа), затем в течение этого же дня принимают еще по 1 таблетке 3 раза через равные промежутки времени. На 2-ой день и далее принимают по 1 таблетке 3 раза в день до полного выздоровления.
При отсутствии улучшения на третий день лечения препаратом острых респираторных вирусных инфекций и гриппа следует обратиться к врачу.
Меры, которые необходимо принять в случае передозировки
При передозировке возможны диспепсические явления (тошнота, рвота, диарея), обусловленные входящими в состав препарата вспомогательными веществами. Лечение заключается в отмене препарата и назначении симптоматической терапии, например, пероральной регидратации (обильное питье).
Меры, необходимые при пропуске одной или нескольких доз лекарственного препарата
В случае пропуска приема дозы препарата пропущенную дозу необходимо принять как можно раньше и продолжить курс приема препарата по начатой схеме. Нельзя удваивать дозу взамен забытой дозы.
Рекомендации по обращению за консультацией к медицинскому работнику для разъяснения способа применения лекарственного препарата
Перед применением препарата проконсультируйтесь с врачом.
Описание нежелательных реакций, которые проявляются при стандартном применении ЛП и меры, которые следует принять в этом случае
Для классификации нежелательных реакций по частоте возникновения были использованы следующие условия: очень часто (≥1/10), часто (≥1/100, <1/10), иногда (≥1/1000, <1/100), редко (≥1/10000, <1/1000, очень редко (<1/10000), не известно (частота не может быть вычислена на основании имеющихся данных).
В рамках клинических исследований, пострегистрационных независимых исследований и мониторинга спонтанных сообщений не зарегистрированы случаи развития нежелательных реакций, имеющих определенную связь с приемом препарата.
Возможны аллергические реакции и проявления повышенной индивидуальной чувствительности к компонентам препарата.
Частота возникновения нежелательных реакций не может быть вычислена на основании постмаркетингового наблюдения.
Дополнительные сведения
Состав лекарственного препарата
Одна таблетка содержит
активное вещество: Антитела к гамма интерферону человека аффинно очищенные – 0,003 г*;
вспомогательные вещества: лактозы моногидрат, целлюлоза микрокристаллическая, магния стеарат.
* наносятся на лактозы моногидрат в виде водно-спиртовой смеси с содержанием не более 10-15нг/г активной формы действующего вещества.
Описание внешнего вида, запаха, вкуса
Таблетки плоскоцилиндрической формы, с риской и фаской, от белого до почти белого цвета. На плоской стороне с риской нанесена надпись MATERIA MEDICA, на другой плоской стороне нанесена надпись ANAFERON.
Форма выпуска и упаковка
По 20 таблеток в контурной ячейковой упаковке из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой.
По 1 контурной ячейковой упаковке вместе с инструкцией по медицинскому применению на казахском и русском языках помещают в пачку из картона.
Срок хранения
3 года.
Не применять по истечении срока годности.
Условия хранения
Хранить в сухом, защищенном от света месте, при температуре не выше 25°С.
Хранить в недоступном для детей месте.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта.
Саудалық атауы
Анаферон
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Соруға арналған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да препараттар. Барлық басқа емдік препараттар. Басқа дәрілік препараттар.
АТХ коды: V03AХ.
Препарат гомеопатиялық болып табылады.
Қолданылуы
жедел респираторлық вирустық инфекцияларды (оның ішінде тұмау) емдеу
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
– препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
– 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Қолдануға қатысты сақтық шаралары
Қатысы жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Осы уақытқа дейін басқа дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары тіркелмеген.
Қажет болғанда препаратты вирустарға қарсы, бактерияларға қарсы және симптоматикалық басқа дәрілермен бірге қолдануға болады.
Арнайы ескертулер
Егер препаратты қабылдау кезінде жағымсыз реакциялар пайда болса, қабылдауды тоқтату және дәрігерге жүгіну қажет.
Айрықша нұсқаулар
Препараттың құрамына лактоза моногидраты бар, осыған байланысты оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза мальабсорбциясы синдромы, не болмаса туа біткен лактаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.
Педиатрияда қолдану
Анаферон препараты балаларда қолдануға арналмаған. Балалар мен 18 жасқа толмаған адамдарға балаларға арналған Анаферон препаратын қолдануға болады.
Жүктілік немесе лактация кезеңі
Анаферонды жүкті әйелдерге және лактация кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі зерттелмеген. Препаратты қабылдау қажет болғанда қауіп/пайда арақатынасын ескерген жөн.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анаферон препаратының көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне теріс ықпалы байқалмады.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ішке, бірақ тамақ ішу кезінде емес. Таблетканы толық ерігенше ауызда ұстай тұру керек.
Емдеудің 1-ші күні 8 таблетканы мынадай сызба бойынша қабылдайды: бірінші 2 сағатта әрбір 30 минут сайын 1 таблеткадан (2 сағат ішінде барлығы 5 таблеткадан), содан кейін осы күн ішінде тең уақыт аралығында тағы да 1 таблеткадан 3 рет қабылдайды. 2-ші күні және одан әрі толық сауыққанға дейін күніне 3 рет 1 таблеткадан қабылдайды.
Препаратпен емдеудің үшінші күні жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау жақсармаған жағдайда дәрігерге қаралу керек.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Артық дозаланған кезде препараттың құрамына кіретін қосымша заттарға байланысты диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, құсу, диарея) болуы мүмкін. Емі препаратты қабылдауды тоқтату және симптоматикалық ем тағайындау болып табылады, мысалы, пероральді регидратация (көп сұйықтық ішу).
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезінде қажетті шаралар
Препараттың дозасын қабылдауды өткізіп алған жағдайда өткізіп алған дозаны мүмкіндігінше ертерек қабылдау және басталған сызба бойынша препаратты қабылдау курсын жалғастыру қажет. Ұмытылған дозаның орнына дозаны екі еселеуге болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолданардың алдында дәрігерден кеңес алу керек.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Пайда болу жиілігі бойынша жағымсыз реакцияларды жіктеу үшін мынадай шарттар қолданылды: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), кейде (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша жиілікті анықтау мүмкін емес).
Клиникалық зерттеулер, тіркеуден кейінгі тәуелсіз зерттеулер және өздігінен келіп түсетін хабарламалар мониторингі шеңберінде препаратты қабылдаумен белгілі бір байланысы бар жағымсыз реакциялардың даму жағдайлары тіркелмеген.
Препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар және жекелей жоғары сезімталдық байқалуы мүмкін.
Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігін постмаркетингтік бақылау негізінде анықтау мүмкін емес.
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: Адамның гамма интерферонына аффинді тазартылған антиденелер - 0,003 г*,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
* лактоза моногидратына құрамы 10-15 нг/г аспайтын әсер етуші заттың белсенді түрі су-спиртті қоспа түрінде жағылады.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, сызығы мен ойығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар. Сызығы бар тегіс жағында MATERIA MEDICA жазуы, екінші тегіс жағында ANAFERON жазуы салынған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.