Торговое название
Аллохол
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Таблетки, покрытые оболочкой
Состав
Одна таблетка содержит
активные вещества – желчь сгущенная в пересчете на сухое вещество или желчь сухая – 0,080 г, чеснок сушеный – 0,040 г, крапивы листья – 0,005 г, уголь активированный – 0,025 г;
вспомогательные вещества: магния оксид, крахмал картофельный, тальк, аэросил (кремния диоксид коллоидный), кальция стеарат;
состав оболочки: сахароза, магния гидроксикарбонат (магния карбонат основной), аэросил (кремния диоксид коллоидный), титана диоксид (двуокись титана), повидон (поливинилпирролидон низкомолекулярный медицинский 12600±2700), тальк, воск пчелиный.
Описание
Таблетки, покрытые оболочкой белого цвета, допускается легкий специфический запах. На поперечном разрезе видны два слоя, внутренний слой черного цвета с вкраплениями.
Фармакотерапевтическая группа
Препараты для лечения заболеваний печени и желчевыводящих путей.Препараты для лечения заболеваний желчного пузыря.Другие препараты для лечения заболеваний желчевыводящих путей.
Код АТХ А05АХ
Фармакологические свойства
Комбинированное средство, усиливающее образование желчи и желчных кислот.Действие желчи сгущенной обусловлено рефлекторным влиянием на секреторную функцию паренхимы печени. Желчь сгущенная усиливает также секреторную и двигательную функции желудочно-кишечного тракта.Вещества, содержащиеся в чесноке, усиливают секреторную и моторную функцию желудочно-кишечного тракта, стимулируют секрецию желчи.Крапивы листья обладают желчегонными и противовоспалительными свойствами.Уголь активированный является адсорбентом, связывающим токсические вещества в желудочно-кишечном тракте.
Показания к применению
В составе комплексной терапии:
- хронический реактивный гепатит
- холангит
- бескаменный (некалькулезный) холецистит
- дискинезия желчевыводящих путей и/или желчного пузыря
- запор, обусловленный атонией кишечника
Способ применения и дозы
Принимают внутрь после еды. Взрослые и дети старше 12 лет – по 1-2 таблетке 3-4 раза в сутки. Курс лечения – 3-4 недели. При обострении заболевания (хронический реактивный гепатит, холангит, бескаменный (некалькулезный) холецистит, дискинезия желчевыводящих путей и/или желчного пузыря) принимают по 1 таблетке 2-3 раза в сутки в течение 1-2 месяцев.
Повторные курсы лечения проводят с интервалом 3 месяца.
Перед применением препарата у детей следует проконсультироваться с врачом.
Побочные действия
- аллергические реакции
- диарея
При их появлении необходимо прекратить употребление препарата и обратиться к врачу.
Противопоказания
- гиперчувствительность к любому компоненту препарата
- калькулезный холецистит
- обтурационная желтуха
- острый гепатит
- острая и подострая дистрофия печени
- язвенная болезнь желудка и 12-перстной кишки в фазе обострения
- острый панкреатит
- детский возраст до 12 лет
Лекарственные взаимодействия
Препараты, содержащие алюминия гидроксид, колестирамин, колестипол снижают абсорбцию и уменьшают эффект. Одновременный прием нецелесообразен.
Особые указания
Беременность и период лактации
Применение препарата во время беременности и в период лактации возможно только в том случае, когда предполагаемая польза для матери превышает потенциальный риск для плода и ребенка.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Применение препарата не оказывает отрицательного влияния на управление автотранспортом и занятия другими потенциально опасными видами деятельности, требующими повышенной концентрации внимания и быстроты психомоторных реакций.
Передозировка
Возможны диарея, тошнота, изжога, кожный зуд, повышение активности трансаминаз в крови.
Форма выпуска и упаковка
Таблетки, покрытые оболочкой.
По 10 таблеток в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой печатной лакированной или бумаги с полиэтиленовым покрытием.
По 5 контурных ячейковых упаковок с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 оС.
Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения
4 года
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
Аллохол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар - құрғақ затқа шаққанда қоюланған өт немесе құрғақ өт - 0,080 г, кептірілген сарымсақ - 0,040 г, қалақай жапырақтары - 0,005 г, белсендірілген көмір - 0,025 г;
қосымша заттар: магний тотығы, картоп крахмалы, тальк, аэросил (кремнийдің коллоидты қостотығы), кальций стеараты;
қабығының құрамы: сахароза, магний гидроксикарбонаты (магнийдің негізгі карбонаты), аэросил (кремнийдің коллоидты қостотығы), титанның қостотығы (титанның қостотығы), повидон (төмен молекулалы медициналық поливинилпирролидон 12600±2700), тальк, араның балауызы.
Сипаттамасы
Жеңіл спецификалық иісі бар, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасынан екі қабат көрінеді, ішкі қабаты теңбілдері бар қара түсті.
Фармакотерапиялық тобы
Бауыр және өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған препараттар.
Өт қалтасының ауруларын емдеуге арналған препараттар.
Өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар.
АТХ коды А05АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Өт пен өт қышқылдарының түзілуін күшейтетін біріктірілген дәрі.
Қоюланған өттің әсері бауыр паренхимасының секреторлық функциясына рефлекторлық ықпалына негізделген. Қоюланған өт асқазан-ішек жолының сөл бөлу және қозғалу қызметін де күшейтеді.
Сарымсақ құрамындағы заттар асқазан-ішек жолының секреторлық және моторлық қызметін күшейтеді, өт сөлінісін көтермелейді.
Қалақай жапырақтарының өт айдайтын және қабынуға қарсы әсерлері бар. Белсенділендірілген көмір асқазан-ішек жолында уытты заттарды байланыстыратын адсорбент болып табылады.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- созылмалы реактивті гепатит
- холангит
- тассыз (калькулездік емес) холецистит
- өт шығару жолдарының және/немесе өт қабының дискинезиясы
- ішек атониясынан болған іш қатуы
Қолдану тәсілі және дозалары
Тамақтан кейін ішке қабылдайды. Ересектер мен 12 жастан асқан балалар – 1-2 таблеткадан тәулігіне 3-4 рет. Емдеу курсы – 3-4 апта. Ауру өршігенде (созылмалы реактивті гепатит, холангит, тассыз (калькулездік емес) холецистит, өт шығару жолдарының және/немесе өт қабының дискинезиясы) 1 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет, 1-2 ай бойы қабылдайды.
Қайталау курстарын 3 ай аралықпен жүргізеді.
Препаратты балаларда қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
- диарея
Бұлар пайда болса, препаратты қабылдауды тоқтату және дәрігерге қаралу керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық
- калькулезді холецистит
- обтурациялық сарғаю
- жедел гепатит
- бауырдың жедел және жеделге жуық дистрофиясы
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруының өршу сатысы
- жедел панкреатит
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Құрамында алюминий гидроксиді, колестирамин, колестипол бар препараттар дәрінің сіңірілуін төмендетеді және тиімділігін азайтады. Олармен бір мезгілде қабылдау мақсатқа сай емес.
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде ана үшін болжамды пайдасы шарана мен балаға төнетін қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолданады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автокөлікті басқаруға және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуға жағымсыз әсер етпейді.
Артық дозалануы
Диарея, жүрек айнуы, қыжыл, терінің қышынуы, қандағы трансаминазалар белсенділігінің артуы болуы мүмкін.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Қабықпен қапталған таблеткалар
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан немесе полиэтиленді жабынды қағаздан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтармен бірге картоннан қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз