|
Торговое название
Афала
Международное непатентованное название
Нет
Лекарственная форма
Таблетки для рассасывания.
Состав
Одна таблетка содержит
активное вещество – Антитела к простатоспецифическому антигену аффинно очищенные – 0,003 г*,
вспомогательные вещества: лактозы моногидрат, целлюлоза микрокристаллическая, магния стеарат.
* наносятся на лактозы моногидрат в виде водно-спиртовой смеси с содержанием не более 10 -15 нг/г активной формы действующего вещества.
Описание
Таблетки плоскоцилиндрической формы, с риской и фаской, от белого до почти белого цвета. На плоской стороне с риской нанесена надпись MATERIA MEDICA, на другой плоской стороне нанесена надпись AFALA.
Фармакотерапевтическая группа
Прочие препараты. Другие терапевтические препараты все. Другие лекарственные препараты.
Код АТХ V03AX
Фармакологические свойства
Фармакокинетика
Чувствительность современных физико-химических методов анализа (газожидкостная хроматография, высокоэффективная жидкостная хроматография, хромато-масс-спектрометрия) не позволяет оценивать содержание сверхмалых доз антител в биологических жидкостях, органах и тканях, что делает технически невозможным изучение фармакокинетики препарата Афала.
Фармакодинамика
Препарат является гомеопатическим.
Уменьшает явления воспаления и отека в предстательной железе, нормализует ее функциональное состояние. Улучшает уродинамику, снижает объем остаточной мочи, нормализует тонус нижних отделов мочевыводящих путей, способствует уменьшению дизурических расстройств.
Показания к применению
доброкачественная гиперплазия предстательной железы I и II стадии;
в составе комплексной терапии острого и хронического простатита – в качестве противовоспалительного и обезболивающего средства;
дизурические расстройства (частые позывы на мочеиспускание, включая ночные, затруднение при мочеиспускании, боль или дискомфорт в области промежности), в том числе сопровождающие доброкачественную гиперплазию предстательной железы I и II стадии; острый и хронический простатит.
Способ применения и дозы
Внутрь. На один прием 2 таблетки (держать во рту до полного
растворения – не во время приема пищи). Препарат принимать дважды в день, вечером и утром (до и после сна). Рекомендуемая длительность приема
препарата – 16 недель.
При выраженных болевом синдроме и дизурических нарушениях в первые
2-3 недели терапии показан прием препарата до 4 раз в сутки.
При необходимости по рекомендации врача возможно проведение повторного курса лечения через 1-4 месяца.
Побочное действие
Возможны реакции повышенной индивидуальной чувствительности к компонентам препарата.
Противопоказания
повышенная индивидуальная чувствительность к компонентам препарата;
детский и подростковый возраст до 18-ти лет (недостаточно данных об эффективности и безопасности);
лицам с наследственной непереносимостью фруктозы, дефицитом фермента Lapp (ЛАПП)-лактазы, мальабсорбцией глюкозы-галактозы.
Лекарственные взаимодействия
Случаев несовместимости с другими лекарственными средствами до настоящего времени не зарегистрировано.
Особые указания
В состав препарата входит лактозы моногидрат, в связи с чем его не рекомендуется назначать пациентам с врожденной галактоземией, синдромом мальабсорбции глюкозы или галактозы, либо при врожденной лактазной недостаточности.
Беременность и период лактации
Препарат не предназначен для применения у женщин.
Фертильность
Данные о влиянии препарата Афала на мужскую фертильность отсутствуют.
Влияние лекарственного средства на способность управлять транспортными средствами или потенциально опасными механизмами
Афала не оказывает влияния на способность управлять транспортными средствами и другими потенциально опасными механизмами.
Передозировка
При передозировке возможны диспепсические явления, обусловленные входящими в состав лекарственной формы вспомогательными веществами.
Форма выпуска
По 20 таблеток в контурной ячейковой упаковке из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой.
По 1, 2 или 5 контурных ячейковых упаковок вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте.
Срок годности
3 года.
Не применять по истечении срока годности.
Условия отпуска из аптек
Без рецепта.
Саудалық атауы
Афала
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Соруға арналған таблеткалар.
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – Аффинді тазартылған простатоспецификалық антигенге антиденелер – 0,003 г*.
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
* лактоза моногидратына құрамы 10-15 нг/г аспайтын әсер етуші заттың белсенді түрі су-спиртті қоспа түрінде жағылады.
Сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, сызығы мен ойығы бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар. Сызығы бар тегіс бетіне MATERIA MEDICA деп, екінші тегіс бетіне AFALA деп жазылған.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дәрілік препараттар.
АТХ коды V03AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Талдаудың осы заманғы физика-химиялық әдістерінің сезімталдығы (газсұйықтықхроматографиясы,тиімділігі жоғары сұйықтық хроматографиясы, хромато-масс-спектрометрия) биологиялық сұйықтықтарда, ағзалар мен тіндерде антиденелердің тым аз дозалары мөлшерін бағалауға мүмкіндік бермейді, сондықтан Афала препараты фармакокинетикасын техникалық зерттеу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Препарат гомеопатиялық болып табылады.
Қуық асты безінің қабыну және ісіну құбылыстарын азайтады, оның қызметтік жағдайын қалпына келтіреді. Уродинамиканы жақсартады, несеп қалдығының көлемін төмендетеді, несеп шығару жолының төменгі бөлігінің тонусын қалпына келтіреді, дизуриялық бұзылыстардың азаюына ықпал етеді.
Қолданылуы
- қуық асты безінің I және II дәрежелі қатерсіз гиперплазиясы.
- жедел және созылмалы простатит кешенді емінің құрамында – қабынуға қарсы және ауырғанды басатын дәрі ретінде.
- дизуриялық бұзылыстар (несеп шығаруға қысылудың жиілеуі, түндегісін қоса, несеп шығарудың қиындауы, шат аймағының ауыруы мен жайсыздығы), оның ішінде қуық асты безінің I және II дәрежелі қатерсіз гиперплазиясымен қатар жүретін; жедел және созылмалы простатит.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке. Бір қабылдауға 2 таблетка (ауызда толық ерігенге дейін ұстау керек -
тамақтану кезінде емес). Препаратты күніне екі рет, таңертең және кешке қабылдау керек (ұйықтар алдында және одан кейін). Препаратты қабылдаудың ұсынылатын ұзақтығы - 16 апта.
Айқын ауыру синдромында және дизуриялық бұзылуларда емдеудің алғашқы 2-3 аптасында препаратты тәулігіне 4 ретке дейін қабылдау көрсетілген.
Қажет болғанда дәрігердің ұсынымы бойынша 1- 4 айдан соң емнің қайталау курсын жүргізуге болады.
Жағымсыз әсерлері
Препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіз);
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары осы уақытқа дейін тіркелмеген.
Айрықша нұсқаулар
Препарат құрамына лактоза моногидраты кіреді, осыған байланысты оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе галактоза мальабсорбциясы синдромы, немесе туа біткен лактаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындауға болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препарат әйелдерге қолдануға арналмаған.
Фертильділік
Афала препаратының ерлер фертильділігіне әсері туралы деректер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Афала көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозаланған кезде дәрілік түрдің құрамына қосымша заттардың кіруіне байланысты диспепсиялық құбылыстар болуы мүмкін.
Шығарылу түрі
20 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1, 2 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.