Торговое наименование
AЦЦ® 600
Международное непатентованное название
Ацелицистеин
Лекарственная форма, дозировка
Таблетки шипучие 600 мг
Фармакотерапевтическая группа
Респираторная система. Препараты, применяемые при кашле и простудных заболеваниях. Экспекторанты, исключая комбинации с подавляющими кашель. Муколитики. Ацетилцистеин.
Код ATХ: R05 CB01
Показания к применению
AЦЦ 600 показан к применению у взрослых при секретолитической терапии при острых и хронических заболеваниях дыхательных путей (бронхов и лёгких), сопровождающихся нарушением образования и выведения мокроты.
Перечень сведений, необходимых до начала применения
Противопоказания
- гиперчувствительность к ацетилцистеину или другим вспомогательным веществам препарата
- язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки в фазе обострения
- наследственная непереносимость фруктозы
- дефицит фермента Lapp лактазы
- мальабсорбция глюкозы-галактозы
- детский возраст до 18 лет
- беременность и период лактации
Необходимые меры предосторожности при применении
С осторожностью назначают при: язвенной болезни желудка и двенадцатиперстной кишки, варикозном расширении вен пищевода, кровохарканье, легочном кровотечении, фенилкетонурии, бронхиальной астме, заболеваниях надпочечников, печеночной и/или почечной недостаточности, артериальной гипертензии.
При возникновении бронхоспазма необходимо прекратить прием ацетилцистеина.
Во время применения ацетилцистеина в очень редких случаях наблюдалось возникновение тяжелых кожных аллергических реакций (синдром Стивенса-Джонсона, синдром Лайелла). В случае возникновения кожных аллергических реакций пациенту следует немедленно прекратить прием ацетилцистеина и обратиться к врачу.
Пациентам с непереносимостью гистамина следует принимать ацетилцистеин короткими курсами, из-за влияния на метаболизм самого гистамина возможным появлением симптомов непереносимости (например, головная боль, насморк, зуд).
Секретолитическое действие ацетилцистеина поддерживается достаточным приемом жидкости.
Взаимодействия с другими лекарственными препаратами
Одновременное применение ацетилцистеина и противокашлевых средств может вызвать опасный секреторный застой вследствие уменьшения кашлевого рефлекса. Поэтому не следует применять данный вариант в комбинированной терапии.
Антибиотики
Рекомендуется принимать пероральные антибиотики, по меньшей мере, через два часа после применения ацетилцистеина.
Нитроглицерин
Одновременное применение нитроглицерина и ацетилцистеина вызывает серьезную гипотензию и приводит к временной дилатации височной артерии с возможным развитием головной боли.
Не рекомендуется растворять другие препараты в приготовленном растворе препарата АЦЦ® 600.
Специальные предупреждения
Возможное присутствие серосодержащего запаха не указывает на изменение препарата АЦЦ® 600, а связано с содержанием в нем активного вещества ацетилцистеина.
Одна таблетка шипучая содержит 6.04 ммоль (138.8 мг) натрия. Это следует принимать во внимание при назначении препарата АЦЦ® 600 пациентам, соблюдающим диету с низким содержанием натрия (низкосолевая диета).
Препарат АЦЦ® 600 содержит маннитол, поэтому может оказывать умеренное послабляющее действие.
Применение ацетилцистеина, особенно в начале лечения, может привести к разжижению мокроты в бронхах и одновременно увеличению ее объема. Если пациент не может отхаркивать мокроту, то чтобы избежать задержки мокроты применяются: постуральный дренаж и аспирация.
Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не влияет
Рекомендации по применению
Режим дозирования
Взрослые:
1 таблетку шипучую (600 мг) 1 раз в сутки (соответствует 600 мг ацетилцистеина в сутки).
Приготовление раствора:
Таблетки шипучие (600 мг) предварительно растворить в стакане воды, принимать внутрь после еды.
Длительность лечения
Продолжительность курса лечения при острых заболеваниях составляет от 5 до 10 дней, при лечении хронических заболеваний – до нескольких месяцев (по рекомендации врача).
Меры, которые необходимо принять в случае передозировки
Симптомы: тошнота, рвота, диарея, у детей имеется риск возникновения гиперсекреции.
В случае возникновения симптомов передозировки пациенту следует немедленно прекратить прием ацетилцистеина и обратиться к врачу.
Рекомендации по обращению за консультацией к медицинскому работнику для разъяснения способа применения лекарственного препарата.
Описание нежелательных реакций, которые проявляются при стандартном применении ЛП и меры, которые следует принять в этом случае (при необходимости)
Нечасто (≥1/1000, <1/100)
- аллергические реакции (зуд, крапивница, кожная сыпь, отек Квинке, экзантема)
- тахикардия
- артериальная гипотензия
- головная боль
- звон в ушах
- лихорадка
- стоматит, боли в животе, диарея, рвота, изжога и тошнота
Редко (≥1/10000, <1/1000)
- одышка, бронхоспазм (преимущественно у пациентов с повышенной реактивностью бронхиальной системы, связанной с бронхиальной астмой)
- диспепсия
Очень редко (< 1/10 000)
- кровотечения и кровоизлияния, частично связанные с реакциями повышенной чувствительности
- анафилактические реакции, вплоть до анафилактического шока
- синдром Стивенса-Джонсона или синдром Лайелла
Неизвестно
- бронхиальная обструкция
- отек лица
Дополнительные сведения
Состав лекарственного препарата
Одна таблетка шипучая содержит:
активное вещество – ацетилцистеин 600.00 мг,
вспомогательные вещества: кислота лимонная безводная, натрия гидрокарбонат, натрия карбонат безводный, маннитол (Е421), лактоза безводная, кислота аскорбиновая, натрия цикламат, натрия сахарин, натрия цитрат дигидрат, цинка сульфат моногидрат, ароматизатор лимонный «ВВ».
Описание внешнего вида, запаха, вкуса
Таблетки шипучие круглой формы, с гладкой поверхностью, белого цвета, с риской, с запахом лимона, диаметром от 19.6 до 20.4 мм.
Приготовленный раствор - прозрачный, бесцветный, без механических включений, с запахом лимона, возможно слегка сернокислого.
Форма выпуска
По 1 таблетке шипучей помещают в пакетик из трехслойной фольги из полиэтилена-алюминия-бумаги.
По 20 пакетиков вместе с инструкцией по медицинскому применению на казахском и русском языках вкладывают в пачку из картона.
Срок хранения
2 года
Не применять по истечении срока годности!
Условия хранения
Хранить при температуре не выше 25 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!
Условия отпуска из аптек
Без рецепта
Саудалық атауы
AЦЦ®600
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ацелицистеин
Дәрілік түрі, дозасы
Көпіршитін таблеткалар 600 мг
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді бәсеңдететін біріктірілімді қоспағанда. Муколитиктер. Ацетилцистеин.
АТХ коды: R05 CB01
Қолданылуы
AЦЦ 600 қақырық түзілуінің бұзылуы және шығарылуының қиындауымен қатар жүретін тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы (бронх және өкпе) ауруларын секретолитикалық емдеу кезінде ересектерде қолдануға арналған.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ацетилцистеинге немесе препараттың басқа қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- асқазан мен он екі елі ішектің созылмалы өршу сатысындағы ойық жара ауруы
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
- Lapp лактаза ферменті тапшылығы
- глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- 18 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Сақтықпен тағайындайды: асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, өңеш веналарының варикозды кеңеюі, қан түкіру, өкпеден қан кету, фенилкетонурия, бронх демікпесі, бүйрек үсті безі аурулары, бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия.
Бронх түйілуі туындағанда ацетилцистеин қабылдауды тоқтату қажет.
Ацетилцистеин қолданған кезде өте сирек жағдайларда ауыр тері аллергиялық реакциялары (Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы) туындауы байқалған. Тері аллергиялық реакциялары туындаған жағдайда ацетилцистеин қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Гистамин жақпаушылығы бар пациенттер ацетилцистеинді қысқа курстармен қабылдауы керек, өйткені гистаминнің өзінің метаболизміне ықпал етумен жақпаушылық симптомдары (мысалы, бас ауыру, мұрынның бітелуі, қышыну) туындауы мүмкін.
Ацетилцистеиннің секретолитикалық әсері сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау арқылы демеледі.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ацетилцистеинді және жөтелге қарсы дәрілерді бір мезгілде қолдану, жөтел рефлексінің азаюы салдарынан, қауіпті секреторлы іркілуді тудыруы мүмкін. Сондықтан осы нұсқасын біріктірілген емде қабылдамаған жөн.
Антибиотиктер
Пероральді антибиотиктерді ацетилцистеин қолданғаннан кейін кемінде екі сағаттан соң қабылдау ұсынылады.
Нитроглицерин
Нитроглицерин мен ацетилцистеинді бір уақытта қолдану күрделі гипотензияны туындатады және бас ауыруының даму мүмкіндігімен самай артериясының уақытша дилатациясына әкеледі.
Басқа препараттарды AЦЦ® 600 препаратының дайындалған ерітіндісінде ерітпеген жөн.
Арнайы ескертулер
Күкірт тәрізді иістің болуы АЦЦ®600 препаратының өзгеруін көрсетпейді, ол оның құрамында белсенді зат ацетилцистеиннің болуымен байланысты.
Бір көпіршитін таблетканың құрамында 6.04 ммоль (138.8 мг) натрий бар. Натрий құрамы төмен диета (тұзы аз диета) ұстанып жүрген пациенттерге АЦЦ®600 препаратын тағайындағанда осыны ескерген жөн.
АЦЦ® 600 препаратының құрамында маннитол бар, сондықтан орташа бәсеңдететін әсер беруі мүмкін.
Ацетилцистеин қолдану, әсіресе емдеудің басында бронхта қақырықтың сұйылуына және бір мезгілде оның көлемінің ұлғаюына әкелуі мүмкін. Егер пациент қақырықты шығара алмайтын болса, қақырық іркілуін болдырмас үшін постуральді дренаж немесе аспирация қолданылады.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектер:
1 көпіршитін таблетка (600 мг) тәулігіне 1 рет (тәулігіне 600 мг ацетилцистеинге сәйкес).
Ерітіндіні дайындау:
Көпіршитін таблеткаларды (600 мг) бір стақан суда алдын ала ерітеді, тамақтан соң ішке қабылдайды.
Емдеудің ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы жедел аурулар кезінде 5-тен 10 күнге дейінді, созылмалы аурулары емдеуде – бірнеше айға дейінді құрайды (дәрігердің ұсынымы бойынша).
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Симптомдары: жүрек айну, құсу, диарея, балаларда гиперсекреция туындау қаупі болады.
Артық дозалану белгілері пайда болған жағдайда, пациент ацетилцистеин қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар
Жиі емес (≥1/1000, <1/100)
- аллергиялық реакциялар (қышыну, есекжем, тері бөртпесі, Квинке ісінуі, экзантема)
- тахикардия
- артериялық гипотензия
- бас ауыруы
- құлақтың шуылдауы
- қызба
- стоматит, іштің ауыруы, диарея, құсу,қыжыл және жүрек айнуы
Сирек (≥1/10000, <1/1000)
- ентігу, бронх түйілуі (негізінен бронх демікпесімен байланысты бронх жүйесінің жоғары реактивтілігі бар пациенттерде)
- диспепсия
Өте сирек (< 1/10 000)
- жоғары сезімталдық реакцияларымен ішінара байланысты қан кетулер және қан құйылулар
- анафилаксиялық шокқа дейін болатын анафилаксиялық реакциялар
- Стивенс-Джонсон синдромы немесе Лайелл синдромы
Белгісіз
- бронх обструкциясы
- беттің ісінуі
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Көпіршитін бір таблетканың құрамында:
белсенді зат – 600.00 мг ацетилцистеин,
қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий карбонаты, маннитол, (Е421), сусыз лактоза, аскорбин қышқылы, натрий цикламаты, натрий сахарині, натрий цитрат дигидраты, мырыш сульфаты моногидраты, «ВВ» лимон хош иістендіргіші.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Диаметрі 19.6-дан 20.4 мм-ге дейінгі, лимон иісі, сызығы бар, ақ түсті, тегіс беткейлі, дөңгелек пішінді көпіршитін таблеткалар.
Дайындалған ерітінді – мөлдір, түссіз, механикалық қоспаларсыз, лимон иісі бар, аздап күкірт қышқылы болуы мүмкін.
Шығарылу түрі
1 көпіршитін таблеткадан полиэтилен-алюминий-қағаздан жасалған үш қабатты фольгадан жасалған пакетке салынады.
20 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз